Жалпы ақпарат

ҚҰРМЕТТІ АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ!

2025 жылғы 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін елімізде алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) ұйымдарына еркін тіркелу науқаны жүргізіліп жатыр. Осыған орай, сіздерді Атырау қаласының Алмагүл мөлтек ауданында орналасқан №7 қалалық емханаға тіркелуге шақырамыз!

Емханада:  Жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен бейінді мамандар қабылдау жүргізеді;

Лабораториялық және аспаптық тексерулерден өтуге болады:

флюорография

рентгенография

денситометрия

УЗИ (УДЗ)

Сонымен қатар, келесі қызметтер ұсынылады:

тұзды шахта

парафинмен емдеу

массаж

емдік дене шынықтыру

Тіркелу жолдары:

eGov.kz порталы арқылы онлайн;

Немесе тікелей емханаға келіп тіркелуге болады.

Тіркелген тұрғындарға медициналық қызмет 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:
+7 778 195 55 64, +7 778 195 55 63

Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты назарда!