ПРЕСС-РЕЛИЗ “ANTIKOR ORTALYGY”
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі мен өңірлік департаменттерінде «Antikor оrtalygy» өз жұмысын бастады.
«Antikor оrtalygy» жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау алаңы болып табылады.
Antikor оrtalygy-ның мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау болса, міндеттері жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Antikor оrtalygy-ның функциялары:
– жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды қабылдау;
– уәкілетті органдар мен сотқа жүгінуде жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне консультация беру және жәрдем көрсету;
– жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен құқықтық нормаларды түсіндіру.
Орталықтың жұмыс уақыты: дс-жм, сағ. 09:00-ден 17:00-ге дейін.
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdbZobGfFHfAAY7WUpHd-8eCV0eX-rhTfOLpLQGRolbJliEwQ/viewform?usp=sharing&ouid=109499978842211375195
https://forms.gle/WzijHT1wq24xipJk9
Онлайн бюджеттік мониторинг – тиімді бақылау құралы
Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің функциясын күшейтуге қатысты тапсырмасына негізінде денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларына және білім беруұйымдарымен бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды жетілдіру және қаржылық бұзушылықтың алдын алу аясында «Онлайн бюджеттік мониторинг» ақпараттық жүйесімен жұмыстар жүргізілуде. Бұл жүйе шынайы уақыт режимінде кемшіліктерді жедел анықтап, оны болдырмауға септігін тигізедіжәне осы арқылы қаржылық ашықтық қамтамасыз етіліп, тәртіп деңдейі артады.
Бұл мониторингтің тиімділігі мемлекеттік аудит объектілеріне шықпай, электронды түрде қаржылық бақылаудың ден қою хаттарын жолдау арқылы жедел шаралар қабылдауға, бюджет қаражатының негізсіз пайдалануға, жымқыру фактілерінің алдын алуға мүмкіндіктер беріледі.
Бүгінде тәуекелдерге негізделген бақылау жүйесі арқылы бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Олардың қатарында есептеулерді негізсіз артық жүргізіп, артық қаражат аудару, 1С бағдарламасы арқылы қате төлемдер жасау, бірнеше тұлға атынан бірдей карт-шоттарға қаражат аудару, жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) қате енгізу арқылы бюджетке зиян келтіру жағдайлары бар.
Бұл деректер бюджет қаражатын бақылауда ұстаудың маңыздылығын айқын көрсетеді. «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі нақты әрі нәтижелі жұмыс құралына айналып отыр. Департамент бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты түрде бақылауда ұстап, бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған мониторинг жүргізуді жалғастырады.
Мемлекеттік қаржының әрбір теңгесі ел игілігіне жұмсалуы тиіс. Сондықтан да цифрлық бақылау тетіктерін жетілдіру арқылы ашықтық пен әділеттілікке қол жеткізу – басты мақсаттардың бірі болып қала бермек.
Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 4000 АЕК-ке дейін (14 млн.теңгегедейін) ақшалай көтермелеу көзделген – call-орталық 1424 (қоңырау шалу тегін).
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтарға тап болған жағдайда, Сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 call-орталығына жүгіне аласыз (қоңырау шалу тегін).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы шараларды қабылдамау – заңнамамен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Парақорлыққа делдал болғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналасуға өмір бойы шектеу қоюға әкеп соғады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құжаттамалары:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Емхана бойынша ішкі талдау анықтамасы