Бірінші басшы

Танбаева Гульнафис Абдиллаевна  1976 жылы 06 қаңтарда Атырау облысы Қызылқоға ауданы,Аққұдық  ауылында дүниеге келген. Отбасында ата-анасына көмекші болып, бала кезінен бойына қамқорлық, еңбексүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін дамытып өскен. 1982 жылы Сағыз орта мектебіне 1 сыныпқа барып, мектепті 1992 жылы үздік бітірген. Мектепте қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан. 1992 жылы «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне» түсіп  1998 жылы бітірген.1998 жылы «Атырау облыстық психиатриялық жүйке тамыр ауруханасында» психиатрия саласы бойынша интернатурадан өткен. 1999-2001 жылдары «Облыстық психиатриялық жүйке тамыр ауруханасында»  дәрігер психиатр  ретінде қызмет атқарып,психикалық ауруларды анықтау, жан-жақты нозологиялық түрлері бойынша зерттеп,емдеу-сауықтыру жұмыстарында тәжірибе жинақтады. Психикалық науқасқа ұшыраған жандарды емдеуде бар ынтасын танытып, ұжым арасында және халықтың алғысына бөленіп, бірнеше алғыс хаттармен марапатталған. Осы  еңбектері еленіп  2001 жылы  «Жедел-жәрдем бекетіне» бас дәрігердің орынбасары лауазымына ұсынылады.Осы аталған қызметіндеде халыққа  жедел-шұғыл көмек көрсетудің қыр сырын меңгеріа,халықпен, ұжыммен 2006 жылға дейін тығыз жұмыс жасаған. 2006-2008 жылдары  аралығында «Интертич» жанұялық амбулаториясының жедел-жәрдем бекетінің аға дәрігері және 2010 жылдың сәуір айынан 2016 жыл аралығында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған. 2016-2018 жылдары «Жедел жәрдем станциясының» бас дәрігері. 2018-2020 жылдары Атырау облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары,25.08.2020-08.09.2020 жылдары №5 Атырау қалалық емхана директорының м.а.,  2020 жылдың қыркүйек айынан бастап   №7 Атырау қалалық емхананың  директоры қызметін атқарып келеді.Осы уақыт ішінде ол өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын,  ұйымдастыру қабілеті  және  жоғары біліктілік санаты бар  дәрігер. Денсаулық  сақтау саласын жетілдіруге  және реформалауға белсенді  қатысқан. Өзінің еңбек сүйгіштігімен әріптестері және тұрғындар арасында үлкен беделге бөленіп жүрген жан. 2021 жылы халық арасында короновирустық инфекцияға қарсы иммунизация жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын, «ТШО», «Эмбамұнайгаз» және т.б. күрделі жұмыс орындарының жұмыскерлерінің арасында вакцинаның маңыздылығы туралы үгіт насихат жүргізгенінің арқасында облыс бойынша вакцина алған халық саны 74,9% қол жеткізді. Сонымен қатар үнемі балалар үйіне, қарттар үйіне қайырымдылық көмек көрсетіп тұрады. Қызметтік этикасын сақтау дәрежесі, көшбасшылық және жұмысты ұйымдастыру қабілеті жоғары деңгейде. Мемлекеттік тілді жетік біледі. Өте білімді, сауатты. Кәсіби шеберлігі үшін және халық денсаулығын сақтаудағы еңбектері ескеріліп, бірнеше рет облыстық денсаулық сақтау басқармасының, Атырау облысы әкімінің «Алғыс хатымен» кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамоталарымен», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.2015 жылы «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай «Алтын дәрігер» төсбелгісімен марапатталған. Жоғары санатты дәрігер психиатр, жоғары санатты қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері. Іскерлік әкімшілік магистрі.

Тұрмыста. Жанұясында 4 бала тәрбиелеп отыр.