
Курбанов Мурат Есенгельдиевич
Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі директордың орынбасары ШЖҚ «Атырау қалалық №7 емханасы» КМК
Мен, Курбанов Мурат Есенгельдиевич, 1989 жылы 10 қыркүйекте Қызылорда облысының Шиелі кентінде дүниеге келдім.
2004 жылы №45 «Ақ орда» мектеп-гимназиясының 9-сыныбын аяқтадым. Сол жылы Астаналық медициналық колледжге «Емдеу ісі» мамандығы
Білімі
Курбанов Мурат Есенгельдиевич 1989 жылғы 10 қыркүйекте Қызылорда облысы Шиелі кентінде дүниеге келген.
2004 жылы №45 «Ақ орда» мектеп-гимназиясының 9 сыныбын бітіріп, сол жылы Астана медициналық колледжіне «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2008 жылы аяқтаған.
2008 жылы «Астана медициналық университеті» АҚ-ына қабылданып, 2010 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне ауысып, 2013 жылы «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.
2013–2015 жылдары «Терапия» мамандығы бойынша интернатурадан өтіп, дәрігер біліктілігін алған.
2015 жылы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде «Жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен.
2018–2020 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Отбасылық медицина» мамандығы бойынша резидентураны аяқтаған.
2024 жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де IDENT – Денсаулық сақтауды басқару сертификаттық курсынан өткен.
Қазіргі уақытта City Business School оқу орнында MBA бағдарламасы бойынша білім алуда.
Еңбек жолы
2015–2021 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы №3 қалалық емханада жалпы практика дәрігері болып жұмыс істеген.
2018–2020 жылдары Қарағанды қаласының жедел медициналық жәрдем станциясында (ОССМП) дәрігер және Қарағанды облыстық тері-венерологиялық диспансерінде (ОКВД) терапевт-консультант қызметтерін қатар атқарған.
2021 жылдан бастап осы емханада Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі қызметін атқарған.
2022 жылғы 27 қазаннан бастап Атырау қалалық №7 емханасында бөлім меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
2024 жылдың қазан айынан бастап медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі директордың орынбасары міндетін атқарады.
Ғылыми және кәсіби қызметі
2022 жылы Астана қаласында өткен XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда
«Әртүрлі жастағы балалардағы анемиялардың клиникалық ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми мақала жариялаған.
2017 жылы Германияның Дюссельдорф қаласында тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысқан.
Қоғамдық белсенділігі
Қоғамдық шараларға белсене қатысады:
2019 жылы «Медицина балы» қайырымдылық шарасына қатысушы;
2020 жылы қалалық телеарнадағы «Сау болайық» бағдарламасында спикер ретінде сөз сөйлеген.
Марапаттары мен жетістіктері
«Жанқиярлық еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2021 ж.);
Республикалық «Алтын қолды дәрігер» басылымына енгізілген;
Халықаралық ғылыми конференциялардың қатысушысы, ғылыми мақалалардың авторы.

Демеуова Айдана Беренқызы
ЦСД бөлімінің меңгерушісі ШЖҚ «Атырау қалалық №7 емханасы» КМК
Білімі
Айдана Беренқызы 1992 жылдың 25 наурызында Атырау облысы, Мақат ауданында дүниеге келген.
2007 жылы Л. Шахатов атындағы орта мектептің 9-сыныбын аяқтап, сол жылы Ақтөбе қаласындағы медициналық колледжге «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2011 жылы үздік дипломмен бітірді.
2012 жылы Астана медицина университетіне оқуға түсіп, 2017 жылы «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
2017–2019 жылдары «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша интернатурадан өтті.
2025 жылдың қаңтар айында біліктілігін арттыру курсынан өтіп, екінші санатты дәрігер атағын алды.
Еңбек жолы
Еңбек қызметін 2019 жылдың тамыз айында ШЖҚ «Атырау қалалық №7 емханасы» КМК-да жалпы тәжірибелік дәрігер болып бастады.
2024 жылдың шілде айынан бастап осы емхананың Отбасылық денсаулық орталығы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Мен, Абдирова Айсауле Избасарвона!
БҚО, Ақжайық ауданы, Жанама ауылында 24.11.1992 жылы дүниеге келдім. 2010 жылы 11 жылдық мектеп қабырғасын, «Үздік аттестатпен» бітіріп, Ақтөбе қаласындағы БҚММУ «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығына түсіп, 2017 жылы тәмәмдадым.
2017 жылдың 1 тамызынан бастап № 7 қалалық емханадан алғашқы еңбек жолымды бастадым.
2020 жылдың 20 қарашысынан бастап № 4 қалалық емханаға ауыстым.
2022-2024 жж аралағында БҚМУ «Отбасылық медицина» резидентурасын білімімді жалғастырдым.
2024 жылдың 2 желтоқсанынан бастап, Атырау қаласындағы №7 қалалық емханаға шақыртылған маман ретінде жұмысқа қабылданып, бүгінгі таңда ЖДО бөлім меңгерішісі лауазымында еңбек етудемін.

Доскалиева Диляра Кожахметовна 1990 жылы 6 желтоқсан күні Атырау облысы Жұмыскер елді мекенінде дүниеге келді. 1997 жылы Исатай Тайманов атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, 2005 жылы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық дарынды балалар ға арналған мектепке түсіп, 2008 жылы осы мектептен түоеп ұшты. 2008-2015жылдары Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің терапия мамандығына оқуға түскен. 2015-2017 жылдары алғаш рет еңбек жолын №7 Атырау қалалық емханасынан бастады. 2017-2024 жылдары Ақтөбе қаласындағы №4 қалалық емханада жұмыс жасады. 2024 жылдың 27 қазан айынан бастап №7 Атырау қалалық емханасына жұмысқа орналасты. Қәзіргі таңда Дәрігерлік Консультативтік Комиссия төрайымы қызметін атқарып келеді.

Жумабаева Ардак Амангелдиевна 1985 жылы 26 желтоқсан күні Атьрау облысы Қызылқоға ауданы Қоныстану ауылында дүніиеге келген.1993 жылы “Жаңашаруа қазақ орта” мектебінде оқыған.2003-2006 жылыдары аралығында “Атырау медицина колледжіне” оқуға түскен.Алғаш рет еңбек жолын 2006-2012 жылдары аралығында №3Атырау қалалық емхансына учаскелік мейіргер қызметін атқарған.2012 жылдың ақпан айында №7 Атырау қалалық емханасына қабылданды.2014 жылдан бастап аға мейіргер лауазымына ауыстырылды.Қәзіргі таңда №7 Атырау қалалқы емханасында бас мейіргер қвзметін жалғастыруда.
Мен, Умбеткалиева Нурханим Аубекеровна 6 мамыр 1968 жылы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Қарақұм совхозында дүниеге келдім.
1985 жылы Қарақұм орта мектебін бітіріп ,Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын 1991 жылы бітірдім.1992 жылы Орал қаласындағы балалар ауруханасынан 1 жылдық интернатурасын өтіп,1993 жылдан 2009 жылдың қазан айына дейін
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек аудандық ауруханасында учаскелік педиатр , директордың орынбасары қызметтерін атқардым.
2009 жылдың қазан айынан бастап Атырау қалалық балалар емханасында,2014 жылдан бастап ШЖҚ КМК №7 қалалақы емханасында еңбек етемін.
                                    
            















