Тарихы

Атырау қаласы, Бейбарыс даңғылы  39 ғимаратында орналасқан №7 Атырау қалалық емхана 10  қаңтар  2011 жылы Облыс әкімінің  №7  қаулысына сәйкес ашылды.
Емхана құрылымын оңтайландыру, шығынды азайту, тұрғындарға ұтымды медициналық көмек ұйымдастыру мақсатында, №7 емхана балалар емханасымен облыс әкімінің №304 Қаулысына сәйкес, қосылу жолымен, 2013 жылдың қазан айында қайта құрылды.
Емхана 3 қатарлы, типтік жобадағы  ғимаратта орналасқан  А және Б блогынан тұрады.
Жоспарлы қуаты бір ауысымда 500 келіп-кету оның 150 – бала,  350 – ересек адам қабылдауға арналған. Емхана бойынша 24 учаскеге бөлінген, оның ішінде 19 жалпы тәжірибелік дәрігер участкесі, 3 педиатрия, 2 терапия. Барлық участке дәрігерлер және медбикелермен толық қамтамасыз етілген.  Емхананың қызмет көрсету аумағы 25 км құрайды, оған қоса  Қара Депо, Елшібек, СМП 136 тұрғын аумағы кіреді. Емхана 36302 халыққа көмек көрсетеді. Емхана тіркелген халыққа амбулаторлық-поликлиникалық көмекті  учаскелік-аумақтық ұстанымға сәйкес көрсетеді.  Сонымен қатар субподряд келісім шарт негізінде №1,2,3,4 емханаларына маммография, Медикер Жайыққа УДЗ мамандандырылған көмек түрлері көрсетіледі.