ПРЕСС-РЕЛИЗ “ANTIKOR ORTALYGY”
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі мен өңірлік департаменттерінде «Antikor оrtalygy» өз жұмысын бастады.
«Antikor оrtalygy» жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау алаңы болып табылады.
Antikor оrtalygy-ның мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау болса, міндеттері жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Antikor оrtalygy-ның функциялары:
– жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды қабылдау;
– уәкілетті органдар мен сотқа жүгінуде жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне консультация беру және жәрдем көрсету;
– жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен құқықтық нормаларды түсіндіру.
Орталықтың жұмыс уақыты: дс-жм, сағ. 09:00-ден 17:00-ге дейін.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 4000 АЕК-ке дейін (14 млн.теңгегедейін) ақшалай көтермелеу көзделген – call-орталық 1424 (қоңырау шалу тегін).
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтарға тап болған жағдайда, Сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 call-орталығына жүгіне аласыз (қоңырау шалу тегін).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы шараларды қабылдамау – заңнамамен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Парақорлыққа делдал болғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналасуға өмір бойы шектеу қоюға әкеп соғады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құжаттамалары:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Емхана бойынша ішкі талдау анықтамасы