“Медициналық қызметтерді тұтынушы” уақытша мәртебесін беру qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады.

“Медициналық қызметтерді тұтынушы” уақытша мәртебесін беру МӘМС жүйесінде тұтынушыларды есепке алу және олардың МӘМС жүйесінде уақтылы медициналық көмек алуы мақсатында жүзеге асырылады.

МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН САҚТАНДЫРЫЛАТЫН ЖЕҢІЛДІГІ БАР САНАТТАР

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);

5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

6-1) бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;

7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

9) тергеу изоляторларындағы адамдар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар;

11) “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

12) мүгедектер;

13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.

“Медициналық қызметтерді тұтынушы” мәртебесін алу үшін жеңілдікті санаттарға жататын тұлға немесе оның заңды өкілі қорға qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы растайтын құжаттардың түпнұсқасының келесі сканерленген көшірмелерін ұсынады:

1) балалар бойынша – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);

2) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер-жүктілік туралы анықтама;

3) жұмыссыз ретінде тіркелгендер – Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;

4) үш жасқа толғанға дейін баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар (баланың заңды өкілдерінің бірі) – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);

5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала күтімі бойынша демалыстағы адамдар – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);

6) мүгедек баланы күтуді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар-халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баланың мүгедектігі туралы анықтама, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан мәліметтер қамтылған анықтама), еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама;

7) бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар-баланың мүгедектігі туралы анықтама;

8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары үшін – «Ардагерлер туралы” Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 9-бабына сәйкес Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі;

Ұлы Отан соғысының мүгедектері үшін – «Ардагерлер туралы” Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 9-бабына сәйкес Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі;

Ардагерлер үшін – жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (жәрдемақыларды) алушының куәлігінде белгісі бар беттер;

зейнетақы төлемдерін алушылар үшін-зейнетақы куәлігі.

9) жұмыс істемейтін оралмандар – Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша оралман куәлігі және жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;

10) “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көп балалы аналар – көп балалы ананың наградталғанын немесе атағын алғанын, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқасымен наградталғанын немесе бұрын “Батыр ана” атағын алғанын растайтын, I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталғанын растайтын құжат;

11) мүгедектер – Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

12) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай – ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар – орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан анықтама;

13) жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар – Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама.