АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — адамға өте қауіпті вирустардың бірі. АИТВ иммундық жүйені зақымдайды. Адамның иммун жүйесі бұзылғаннан кейін, сау адамға қарағанда, кез келген инфекцияның алдында дәрменсіз болады.
АИТВ инфекциясының соңғы сатысы – Жұқтырған иммун тапшылығы синдромы, ол әр адамда әр қалай, 2-15 жыл ішінде дамиды. АИТВ адамның иммундық жүйесіне бірнеше жыл бойы зиянды әсерін тигізгендіктен, иммун тапшылығы дамиды. Ол дегеніміз, ағзадағы зақымданған жасушалар саны жоғары деңгейге жеткенде ағза әртүрлі инфекцияға, вирустарға қарсы тұра алмай қалады, күресуге шамасы да болмайды.
Ауру адамда көптеген ауру түрлері дамиды. Бұл дертке қарсы екпе табылмағанмен, бұл бағыттағы зерттеулер қарқынды дамуда. Қазірдің өзінде вирус таралуын басатын, ауруды асқындырмайтын, дәрілік препараттар бар. Осы препараттармен 15 жыл бұрын ем бастаған аурулар қазіргі кезде өздерін жұмысқа қабілетті сезінеді.
АИТВ инфекциясы қалай беріледі?
АИТВ жұқтырған адамның қанында, лимфасында, шәухатында, емшек сүтінде вирус концентрациясы көп болады. Берілу жолдары:
- мүшеқапсыз жыныстық қатынас кезінде;
- жұқтырған қан құю арқылы;
- анадан — балаға, жүктілік және босанған кезде, егер анасында вирус болса;
АИТВ жұқпайды:
- қол алысқанда, құшақтасқанда, сүйіскенде, бір ыдысты қолданғанда, жөтелгенде, түшкіргенде, ортақ төсек-орын жабдықтарын және басқа нәрселер, дәретхана қолданғанда, жәндік шағып алғанда.
АИТВ жұқтырмау жолдары:
Адамдар қарапайым сақтану шараларына немқұрайды қарағандықтан АИТВ жұқтырады.
Жұқтыруды болдырмау үшін:
- жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты қолдану;
- косметикалық процедура (маникюр, педикюр, пирсинг, тату, құлақ тесу) кезінде теріні бүлдірмей, әрқашанда, зарарсыздандырылған, не бір рет қана қолданатын щприц және аспаптарды пайдалану. Тату, құлақ тесу сияқты процедуралар арнайы кабинетте жасалу керек. Жеке бас гигиенасы құралдарын (қырыну, маникюр ) жеке пайдалану керек;
АИТВ-дан тексерілу – инфекцияны ағзаның жеткілікті мөлшерде антителоларды шығару кезінде тест-жүйенің оны анықтауы үшін жүргізу қажет. Яғни, «қауіпті» жағдайдан кейін немесе қорғанбаған жыныстық қатынастардан кейін шамамен 1-3 айдан соң тексерілу қажет.
Қауіп-қатер тудыратын белгілердің білінуі кезінде дәрігерлік тексерістен өту қажет.
- 1 ай бойы үнемі жөтел қысу;
- аз уақыттың ішінде 10% және одан да көп мөлшерде салмақ түсіру;
- 1 айдан артық уақытта температураның көтерілуі;
- 1 айдан артық іш өту.