“Мемлекеттіккөрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысы а.ж. 3 қазанда күшіне енді.

                    Үкімет қаулысы шеңберінде “Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметі ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап алып тасталатын болады.

                    Азаматтар мекендай туралы мәліметтерін “электрондық үкімет” порталындағы жеке кабинетінде немесе eGOV mobile қосымшасы арқылы тексере алатындығын хабарлаймыз. Мемлекеттік органдар, мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелер арқылы алуы тиіс.

                    Егер азаматтардың мекенжайы туралы мәліметтер басқа мекемелерге немесе жеке компанияларға қажет болған жағдайда, үшінші тұлғалар “электрондық үкімет”порталындағы “Үшінші тұлғаларға анықтамаларды алу” сервисі арқылы алу мүмкіндігі іске асырылғандығын хабарлаймыз. Ол, жеке тұлға өзінің мекенжайы туралы бір реттік ақпаратты алуға келісімін SMS арқылы жолдаған жағдайда мүмкін болады. Азаматтардың телефонына SMS келуі үшін ол мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тірелуі шарт.

                     Өз кезегінде, мобильді азаматтар базасын тіркелуі өз бетінше іске асыруға болады (электрондық үкімет порталындағы “жеке кабинетте” “телефон” жолағында телефон нөмірін көрсетіп/немесе өзгертіп электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) растау қажет) немесе өзіңізге ыңғайлы, жақын арадағы халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) жүгінуге болады (қызмет көрсету тегін, бірнеше минут уақытты алады).